Фотогалерея
1 мин оқу 1,190

Алтай – Өскемен арасы, мінезді асу, қарашы

<p style="text-align: justify;">Кеше ғана суретшінің палитрасындай сан түрге боялып тұрған Шығыстың табиғаты жүдеңкі... Алмағайып &nbsp;бұл мезгілде жолға шығудың өзі қызық. Қызық әрі қауіпті. Бір асуда қар бұрқасындатып тұрса, қозы көш жерде қою тұман көзді байлайды. Саусақ ұшы көрінбес тұманды &laquo;фарымен&raquo; тесіп, көліктер қайшыласады.</p>

Алтай – Өскемен арасы, мінезді асу, қарашы

Ең қауіпті асулар Алтай ауданы мен Өскеменнің арасында. Таулы жер болғандықтан, бұл төңірекке қыс ерте түседі.

2

3

Әйгілі Осинов асуынан жергілікті таксишілер көзді жұмып жүйткігенімен, алғаш жүргендердің жүрегі шайлығады. Бұралаңы көп қауіпті асу қателікті кешірмейді.

4

Сиыр жалағандай жалтырап жатқан Северныйдың белі. Бұдан асқан соң Алтай ауданы аяқталып, Өскеменнің аумағы басталады.

5

Өскеменге кіргенде күн жадырап сала берді. Бағанағы бұрқасын қар, қою тұман көкке сіңіп жоқ болғандай.

6

Бөлісу:
Алтай – Өскемен арасы, мінезді асу, қарашы · Egemen Qazaqstan