Әлем
1 мин оқу 501

АҚШ «Аль-Каида» басшыларының бірін жойды - БАҚ

<p style="text-align: justify;">АҚШ Сирияда әуе шабуылын жасап, &laquo;Аль-Каида&raquo; террористік тобының аға жетекшісін жойды. Бұл туралы АҚШ ҚК Орталық қолбасшылығы мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://ria.ru/20211023/aviaudar-1755903913.html" target="_blank" rel="noopener noreferrer">РИА Новостиге</a> сілтеме жасап.</p>

«Сирияның солтүстік-батысындағы бүгінгі әуе соққысы «Аль-Каиданың» аға лидері Абдул Хамид Әл-Матарды жойды. Бізде әуе шабуылынан зардап шеккен бейбіт тұрғындар туралы мәліметтер жоқ. Әуе соққысы MQ-9 көмегімен жасалды», делінген хабарламада.

Бұған дейін американдық барлау агенттіктері «Аль-Каида» содырларының Ауғанстанға орала бастағанының алғашқы белгілерін тіркегені туралы хабарлаған болатын.

Айта кетсек, дәл осы «Аль-Каида» 2001 жылғы 11 қыркүйекте жасалған шабуылдарға қатысы барын растады, содан кейін АҚШ Ауғанстанда әскери операцияны бастады.

«Аль-Каида» - ең ірі ультра радикалды халықаралық террористік ұйымдардың бірі. 1988 жылы Ауғанстанда Усама бен Ладен кеңес шапқыншылығымен күресу үшін құрылған. Ұйым «ұлы Ислам халифатын» құруды мақсат етіп отыр.

Бөлісу:
АҚШ «Аль-Каида» басшыларының бірін жойды - БАҚ · Egemen Qazaqstan