Спорт
1 мин оқу 231
Жібек Құламбаева ITF W25 турнирінің чемпионы атанды
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Қарағандыда алғаш рет өткен ITF W25 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Жібек Құламбаева поляк қызы Мартина Кубкамен бірге финалда сербиялық Тамара Курович – эстониялық Елена Малыгинамен бас жүлдені сарапқа салды.
Қазақстандық-польшалық жұп 7:5, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Бұл – Жібектің спорттық жолындағы ITF W25 деңгейіндегі бірінші табысы.
Ал жекелей сында Беларусь өкілі Юлия Готовко үздік атанды. Ол соңғы бәсекеде ресейлік Екатерина Казионованы 7:5, 6:0 есебімен жеңді.
Бөлісу:
