Хоккей
1 мин оқу 184

ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Сибирьмен» кездеседі

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">&laquo;Барыс&raquo; бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде &laquo;Сибирь&raquo; (Новосібір) командасымен өткізеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Кездесу елорда уақытымен 18:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бүгінге дейін 46 мәрте шеберлік байқасты. Оның 18-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Екі команда арасындағы соңғы бес кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті.

«Барыс» биылғы турнирдің соңғы алты кездесуінің төртеуінде мерейі үстем болса, қалғанында қарсыластарына есе жіберіп қойды.

Ал «Сибирь» соңғы алты кездесудің екеуінде қарсыластарын тізе бүктірді.

Бөлісу:
ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Сибирьмен» кездеседі · Egemen Qazaqstan