Қаңтардан бастап Google салығы енгізіледі
<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Мемлекеттік кірістер комитетінің ірі салық төлеушілер департаментінің директоры Әнуар Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Ә.Сүлейменов келесі жылдан бастап күшіне енетін салық заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
«Келесі жылдың қаңтарынан бастап «Google салығы» деп аталатын сандық салық енгізіледі. Ол шетелдік және отандық компаниялар арасындағы бәсекелестік жағдайларды теңестіруге мүмкіндік береді. Оны шетелдік компаниялар интернет-сайттардың электрондық сервистері арқылы тауарлар мен қызметтерді сату кезінде төлейтін болады. Бұл жаңа салық емес – бұл қосылған құн салығы аясында жүзеге асады. Төлем сол 12% мөлшерлеме бойынша жүргізіледі», деді Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі.
