Оқиға
1 мин оқу 172

Өзі жұмыс істейтін мекемені тонаған күдікті ұсталды

<p style="text-align: justify;">Атырауда ер адам өзі жұмыс істейтін мекемеге тиесілі 50 дана қысқа арналған күртеше мен 20 дана комбинезонды қолды етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл жөнінде Атырау қаласы полиция басқармасына арыз түскен. Тексеру кезінде ол Қызылорда қаласының тұрғыны болып шықты. Аталған мекемеде қойма меңгерушісі болып жұмыс істеген. Мекемеге келтірілген залал құны – 2 380 000 теңге.

Қазіргі уақытта 1983 жылы туған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 189 бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:
Өзі жұмыс істейтін мекемені тонаған күдікті ұсталды · Egemen Qazaqstan