Коронавирус
1 мин оқу 342
Қазақстан тағы екі елдің вакцинация паспортын мойындады
<p style="text-align: justify;">Қазақстан тағы екі елдің – Мальдив Республикасы мен Иорданияның вакцинация паспортын мойындады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Қазақстанның Бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов вакцинация паспорттарын тану туралы жаңа қаулы шығарды.
Бұған дейін Қазақстан 15 елдің: Аргентина, Венгрия, Грузия, Иран, Қырғызстан, Моңғолия, Армения, Беларусь, Молдова, Сан-Марино, Үндістан, Филиппин, Таиланд, Түркия және Эстонияның вакцинация паспорттарын мойындаған болатын. Бұл тізімде тағы екі ел қосылды – Мальдив Республикасы және Иордания.
Қаулы мәтінімен толығырақ мына сілтеме арқылы танысуға болады.
Бөлісу:
