Алматы тұрғындары сусыз қалды
<p style="text-align: justify;">Алматыда «Нұр-Мүбарак» ислам орталығының аумағындағы магистральды су құбыры зақымдалды. Жарылған құбырды «Алматы су» бригадасы қалпына келтіріп жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Нұр-Мүбарак» ислам орталығының аумағынан өтетін диаметрі 800 мм су құбырын жеке құрылысшылар жер жұмыстарын жүргізу кезінде зақымдады. Алайда, бұл жұмыстарды атқаруға «Алматы су» МКК-дан келісім алынбаған.
«Қазір мамандар құбырды қалпына келтіріп жатыр. Сол себепті, Сейфуллин – әл-Фараби – Сәтбаев – Ходжанов көшелерінің бойында орналасқан үйлер мен ғимараттарға суық су беру уақытша шектелді», деп хабарлады «Алматы су» МКК баспасөз қызметі.
Компания мәліметінше, жөндеу жұмыстары кешке дейін жалғасады. Суық су сағат 18:00-де қайта беріледі.
