Оқиға
1 мин оқу 260

ҰҚК Алматыда 2 ірі есірткі тобын анықтады

<p style="text-align: justify;">ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті интернет ресурстары арқылы есірткі таратқан 2 топты анықтап, жолын кесті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ҰҚК Алматыда 2 ірі есірткі тобын анықтады

«ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті синтетикалық есірткі жасауға және оларды интернет ресурстары арқылы сатуға қатысы бар 2 есірткі тобының әрекетін анықтап, жолын кесті. Екі есірткі зертханасын ұйымдастырған 5 адам ұсталды», делінген хабарламада.

Тінту іс-шараларын жүргізу нәтижесінде 4 кг синтетикалық есірткі және 40 литр жартылай дайын есірткі заты, 1 кг гашиш, 20 кг астам химиялық қоспа және зертханалық жабдықтар табылып, алынды.

Бөлісу:
ҰҚК Алматыда 2 ірі есірткі тобын анықтады · Egemen Qazaqstan