Әлем
1 мин оқу 5,445
Цукерберг Facebook атауын өзгертті
<p style="text-align: justify;">Facebook компаниясы атауын Meta деп өзгертеді, ал компанияға тиесілі бағдарламалық өнімдер атауы өзгеріссіз қалады. Бұл туралы компанияның негізін қалаушы Марк Цукерберг мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Бүгіннен бастап Meta деп аталамыз», деді Цукерберг «метағалам» компаниясының тұсаукесері кезінде.
Сондай-ақ ол компания логотипін таныстырды. Ол - көк Мебиус жолағы.
«Маған бұрын классикалық зерттеу ұнайтын және Meta сөзі гректің «кейін» деген сөзінен шыққан. Бұл мен үшін әрқашан басқа дүние жасауға болатынын білдіреді», деді Цукерберг.
Бөлісу:
