Қазақстан
2 мин оқу 535

Цифрлы құжаттар қай жерде қолданылады?

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Жаппай цифрлану біраз күрделі про&shy;цесті жеңілдететін түрі бар. Бұл әрине, жақсы. Соңғы бірер жыл көлемінде қолға алынып, жедел енгізіліп жат&shy;қан жаңалық &ndash; цифрлы құжаттар. Бұ&shy;дан былай байланыс операторлары&shy;ның қызметін тұтыну кезінде цифрлы құжатты пайдаланып, түпнұсқа құжат&shy;ты ұсынбай-ақ қоюға болады.</p>

Цифрлы құжаттар қай жерде қолданылады?

Қазірдің өзінде құжаттың түп­нұс­қасын ұсы­на алмайтын азаматтарға ар­налған қызмет Beeline ұялы байланыс операторының қызмет көрсету орта­лық­тарында қолжетімді. Бұл үшін клиенттің смартфонында электронды үкіметтің eGov mobile мобильді қосымшасы бо­луы керек. Аталған қосымшаны ашқаннан кейін «Цифрлы құжаттар» бөлімін таңдап, авторизациялаудан өту керек. Қосымшаға биометрия немесе бір реттік SMS құпия сөзі арқылы қосылуға болады. Авторизация­дан кейін ашылған терезеде жеке куәлікті таңдап, «рұқсатты ашу» батырмасын басу қажет.

Процедураны орындау үшін Beeline ұялы байланыс операторының менеджері QR ко­дын сканерлейді және биометриялық дерек­тер арқылы клиенттің жеке басын куәлан­дырады.

– Мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі ыңғай­лылық, қауіпсіздік және тиімділік бү­гінде басымдыққа айналды. Бұған дейін кей­бір қалалардың банктері мен әуежайлары цифрлы құжаттарды қабыл­дай бастады, бүгінде бұл функция бір ұялы байланыс операторында қолжетімді, алайда министрлік барлық қауіпсіздік параметрлеріне сәйкес келетін ірі компаниялар мен ұялы байланыс операторлары үшін ашық, – дейді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнер­кәсібі министрі Бағдат Мусин.

Қазіргі уақытта цифрлы құжаттар қыз­­метінде 18 құжат тіркелген. Олардың ішінде ең танымалдары – жеке куәлік, жүр­гізуші куәлігі, екпе төлқұжаты, ПТР сы­нағы және туу туралы куәлік. Бұ­ған де­йін қазақстандық­тар цифрлы құ­жат­тар­ды әуежайларда, те­мір ­жол вокза­лын­дағы вагондарда, банктер мен нотариус қыз­меттеріне жүгінген кезінде пайдалануға мүм­кіндік алған еді. Жүйенің интеграция­лануы министрлік, «Ұлттық ақпа­раттық технологиялар» АҚ және Beeline Қазақстан көмегімен жүргізілген.

Бөлісу:
Цифрлы құжаттар қай жерде қолданылады? · Egemen Qazaqstan