Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 472

Садриддин Ахмедов қараша айында жаттығуға кіріседі

<p style="text-align: justify;">Бірінші орта салмақта ел намысын қорғап жүрген кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов шаршы алаңға желтоқсан айында оралады. Ол кезекті жекпе-жегіне дайындықты қараша айының ортасында бастайды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Садриддин Ахмедов қараша айында жаттығуға кіріседі

Соңғы деректерге сенсек, Садриддин физикалық әлеуетін қалыпқа келтіруге назар аудармақ. Ал, оқу-жаттығу жиыны Канада елінде өтеді. Боксшы «Eye of the Tiger Managment» промоутерлік ұйымы ұйымдастыратын бокс кештерінің бірінде шаршы алаңға шығады деп күтілуде.

Бұл Садриддин үшін қаңтар айынан кейінгі алғашқы жекпе-жек болмақ. Жыл басында қазақ боксшысы ниделандылық Стивен Даньоны жеңіп, NABF, WBC Francophone және WBA Continental белбеулерін жеңіп алған еді.

Бөлісу:
Садриддин Ахмедов қараша айында жаттығуға кіріседі · Egemen Qazaqstan