Спорт
1 мин оқу 202

Қазақстан құрамасы қарсылас шыдатқан жоқ

<p style="text-align: justify;">Қазақстан құрама командасы грепплингтен өткен әлем чемпионатында жасындай жарқырады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстан құрамасы қарсылас шыдатқан жоқ

Түркияның Стамбул қаласында өткен бірінші әлем чемпионатында жекелеген сыннан бөлек, командалық жарыста ұлттық құрама топ жарды. Аламанға Украина, Ресей, Бразилия, Франция секілді өзге де көптеген мемлекеттердің спортшылары қатысқанын ескерсек, грепплинг күресінде Қазақстанның топ жаруы тамаша табыс екені талас тудырмайды.

Жарыстың жекелей сынында 60 килодағы Самат Айтпанбет, Руслан Исраилов жеңімпаз атанса, Османжан Қасымов күміс жүлде, Нариман Мыңбаев қола жүлдемен оралды.

Бөлісу:
Қазақстан құрамасы қарсылас шыдатқан жоқ · Egemen Qazaqstan