Футбол
1 мин оқу 400

Еуро-2023 іріктеуіне қатысатын ойыншылар тізімі жарияланды

<p style="text-align: justify;">Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Қайрат Нұрдәулетов Шотландия құрамасына қарсы 2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу матчына шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

 Sports.kz сайтының мәліметінше, аталған тізімге 26 ойыншы енген.

Қақпашылар: Данил Устименко («Қайрат»), Вадим Петров («Қызыл Жар»), Қажымұқан Төлепберген («Мақтаарал»);

Қорғаушылар: Әділбек Жұмаханов («Атырау»), Лев Скворцов, Сағи Совет, Мейрамбек Қалмырза («Астана»), Жалғас Жақсылықов («Тараз»), Тайыр Нұрсейітов («Шахтер»), Нұрберген Нұрбол («Жетісу»), Александр Широбоков («Қайрат»), Егор Ткаченко («Қайрат — Мәскеу», Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Данияр Үсенов, Арсен Боранчиев, Еркебұлан Сейдахмет («Қайрат»), Эльхан Астанов, Мурожон Халматов («Ордабасы»), Арман Кеңесов («Қайсар»), Дінмұхамед Қараман («Тараз»), Максим Самородов («Ақтөбе»), Станислав Басманов («Астана»), Абылайхан Назымханов («Шахтер»), Жаслан Жұмашев («Тобыл»);

Шабуылшылар: Вячеслав Швырев («Қайрат - Мәскеу»), Абылайхан Жұмабек («Тараз»), Мирас Тұрлыбек («Ақсу»).

Жаттықтырушылар штабы: Қайрат Нұрдәулетов - аға жаттықтырушы, Нұрбол Жұмасқалиев - аға жаттықтырушының көмекшісі, Асқар Ыдырысов - аға жаттықтырушының көмекшісі, Юрий Новиков - қақпашылардың жаттықтырушысы, Ахматхон Искандаров - дәрігер, Қайратали Күнходжаев - массажист, Ақмұрат Ақшабаев - массажист, Дінмұхамед Оралов - менеджер, Павел Лаптев - бейнеоператор.

Еске сала кетсек, Шотландия мен Қазақстан жастар құрамалары арасындағы матч 13 қарашада Данди қаласындағы «Таннадайс парк» стадионында өтеді. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 01:15-те басталады.

Бөлісу:
Еуро-2023 іріктеуіне қатысатын ойыншылар тізімі жарияланды · Egemen Qazaqstan