Аймақтар
1 мин оқу 1,206

Құрбысының 54 млн теңгесін ұрлаған әйел ұсталды

<p style="text-align: justify;">Атыраулық әйел құрбысының сейфінен 54 миллион теңге ұрлап кеткен, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бір аптаға жуық үйінде болмай, басқа қалаға кетіп, ал келгенінде сейфтегі 54 миллион теңгесі ұрланғанын көрген азаматша дереу полицияға хабарласқан. Ұры сейфтен 54 млн теңгені алып, 2 млн теңгені қалдырып кеткен.

Полицейлер бейнекамераларды тексергенмен ұрлыққа қатысты дәйек таппаған. Алайда оқиғаға дейін пәтерге келіп, қонақ болып жүргендер арасында жәбірленушінің 42 жастағы құрбысы күдік ұялатқан.

Тергеп-тексеру амалдары барысында күдіктінің қомақты қаражатпен Алматы қаласына кеткендігі анықталды. Полиция қызметкерлері ұстау барысында әйелден 36 миллион теңге тәркіледі. Күдікті өз кінәсін толықтай мойындады.

Атыраулық полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігі бойынша тергеу амалдарын жүргізіп, іс-құжаттарын сотқа жолдады.

Бөлісу:
Құрбысының 54 млн теңгесін ұрлаған әйел ұсталды · Egemen Qazaqstan