Бокс
1 мин оқу 530
Бибосынов Мартинеске мүмкіндік бермеді
<p style="text-align: justify;">Кешкі сессияны 51 келі салмақ дәрежесіндегі сайыпқыранымыз, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов бастады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Иә, кешкі сессияда қазақ боксшыларынан алғаш болып рингке көтерілген Сәкен Бибосынов колумбиялық Юберхен Мартинеспен қолғап түйістірді. Шаршы алаңда еркін ойқастаған отандасымыз өзінің шын шебер екенін көрсетіп, екінші нөмірмен жұдырықтасып жүріп-ақ жеңіске жетті. Оның жеңімпаз атануына төрешінің бір ұпайын алып тастауы да кедергі келтірген жоқ. Осылайша ұлттық құрама Белград төріндегі төртінші медаліне қол жеткізді. Әлі төрт боксшымыз рингке көтеріледі.
Бөлісу:
