Қазақстан
1 мин оқу 250

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы әуе қатынасы жанданады

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан - Бішкек бағытындағы&nbsp;әуе қатынасы жанданады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

2021 жылғы 2 қарашада Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысына Нұр-Сұлтан - Бішкек бағытында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесі қаралды.

Нәтижесінде «Эйр Астана» әуе компаниясы жақын арада екі ел астанасы арасындағы рейстерді қайта бастайтын болды.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес E190-E2/A – 320 әуе кемелерімен орындалады.

Бөлісу:
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы әуе қатынасы жанданады · Egemen Qazaqstan