Оқиға
1 мин оқу 230
Жүк көлігі Astana LRT құрылысының бетон-арматураларына соғылды
<p style="text-align: justify;">Елордада көктайғақ салдарынан бір тәулік ішінде 125 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3 адам зардап шеккен, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Кеше сағат 20:00-де «Шансиман» автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі көктайғақ кезінде Тәуелсіздік көшесімен Қалдаяқов көшесіне қарай келе жатып, рульге ие бола алмай, құрылыс аймағындағы бетон-арматураларға соғылған. Абырой болғанда, жүргізуші зардап шеккен жоқ», деді полиция қызметкерлері.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті ауа райы мен жауын-шашынға байланысты көлік қозғалысы кезінде барынша мұқият және сақ болуға, жылдамдық режимін, қауіпсіз арақашықтықты, маневр жасау ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.
Бөлісу:
