Әлем
1 мин оқу 324
Чехия президенті орынтағын сақтап қалатын болды
<p style="text-align: justify;">Прагадағы орталық әскери ауруханада емделіп жатқан 77 жастағы Чехия президенті Милош Земан бүгін реанимациядан қарапайым палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Президент Милош Земанның денсаулық жағдайының жақсаруына байланысты емдеуші дәрігерлер оны реанимациядан кәдімгі палатаға ауыстыру туралы шешім қабылдады», делінген президенттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бұған дейін Чехия сенатының басшысы Милош Вистричил «Реанимациядан кәдімгі палатаға ауыстырған жағдайда денсаулығына байланысты Земанды президенттік өкілеттіктен айыру мәселесін қарау маңызды емес» деп мәлімдеген болатын.
Бөлісу:
