Өнер
1 мин оқу 523

«Бұраң бел» би байқауы

<p style="text-align: justify;">Түркістан облыстық мәдениет басқармасы мен Қазығұрт ауданы әкімдігі ұйымдастыруымен Түркістандағы &laquo;Конгресс холл&raquo; концерт залында &laquo;Бұраң бел&raquo; облыстық би байқауы өтті. &laquo;Сәлем саған, Түркістан&raquo; өнер фестивалі аясында өткен байқауда 17 би ұжымы бақ сынады.</p>

«Бұраң бел» би байқауы

Байқаудың ашылу салтанатында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов құттықтау сөз сөйлеп, өңірде мәдениет пен өнерге қолдау көрсету жал­ғасатынын жеткізді. Ал облыстық мәдениет бас­қармасы басшысының орынбасары Асылхан Темір­хан өнер фестивалінің маңызына кеңінен тоқталып, жас таланттарды танытудағы орны ерекше екенін атап өтті. Мә­дениет қайраткері, Қазақ­станның үздік хореографы, қазылар алқасының төрағасы Ай­болат Орынбай, «Яссы» би ансамблінің жетекшісі Қуат Таукеев, «Фараб» би ан­­сам­блінің жетекшісі Ма­риан­на Шаликашвили, «Жұл­дыз­дар» халықтық би ұжы­мы­ның жетекшісі Жаннат Бал­таева және халықаралық би байқауларының лауреа­ты Жангүл Ерсұлтанова қа­зы­лық еткен байқау қоры­тындысы бойынша Қазығұрт ауданының «Таңшолпан» би тобы Гран-приді иеленді. Бірінші орынды Жетісай ауда­нынан келген «Аяна» би тобы жеңіп алса, 2-орын Арыс қаласының «Алтынай» би тобына бұйырды. Үшінші орынға Қазығұрт ауда­ны­ның «Балауса» және Кентау қаласының «Рапсодия» би ұжым­дары лайық деп таныл­ды. Жеңімпаздар мен жүл­де­герлерге диплом және ақ­шалай сыйлық тапсырылды.

Бөлісу:
«Бұраң бел» би байқауы · Egemen Qazaqstan