Хоккей
1 мин оқу 192

Екпіні екі-ақ ойынға жетті

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген Нұр-Сұлтанның &laquo;Барысы&raquo; кезекті тур ойынын елор&shy;да&shy;дағы &laquo;Барыс Аренада&raquo; Фин&shy;лян&shy;дия&shy;ның &laquo;Йокеритімен&raquo; өткізді.</p>

Екпіні екі-ақ ойынға жетті

Қазан айына жоспарланған сырт ай­дындағы соңғы екі ойынын жеңіспен аяқтап, тәуір ойын көрсете бастаған «Барыс» қай­та сәтсіздікке ұшырады. Өз айдынында «Йокерит» клубын қабылдаған жерлестеріміз қар­сыластарына 1:4 есебімен жол берді. Бірінші кезең тең дәрежеде өтсе де, кезең аяқталар тұста ептілік танытқан қонақтар Йони Ортио қорғаған қақпаға жауапсыз екі шайба соғып кетті. Кездесудің 16-минутында Калле Косила есеп ашса, 19-минутта Никлас Енсен мергендік танытты.

Ойынның екінші кезеңі де финляндиялық хоккейшілердің басымдығымен өтті. 29-минутта Никлас Енсен тағы да мергендігімен көзге түсіп, дубльдің авторы атанды. Үшінші кезеңнің басында қарсылас ойыншысы мұзай­дыннан екі минутқа қуылып, сан басым­дығына ие болған «Барыс» 42-минутта есеп айырмасын қысқартты. Голдың авторы – Никита Михайлис. Дегенмен матч соңына дейін айдын иелерінің таразы басын теңестіруге шамалары жетпеді. Кездесудің аяқталуына 30 секунд қалғанда «Йокерит» ойыншысы Марко Антилла бос қақпаға гол салып, ойынның нүктесін қойды – 1:4.

Бөлісу:
Екпіні екі-ақ ойынға жетті · Egemen Qazaqstan