Бокс
1 мин оқу 390
Букмекерлер Теміртас пен Махмұдқа сеніп отыр
<p style="text-align: justify;">Бүгін Сербия астанасы Бельград төрінде бірнеше салмақ дәрежесінде әлем чемпионы анықталады. Екі қазақ баласы Сербиядан алтынмен оралуға күш салады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

48 кило салмақ дәрежесінде рингке көтерілетін Теміртас Жүсіпов тайландтық Вуттичай Юрачаймен жұдырықтасса, 54 кило салмақтағы Махмұд Сабырхан жапон Томоя Цубояның шамасын байқап көреді. Ал 1xbet.kz букмекерлік кеңсесі бұл жекпе-жектерде қазақ оғландары жеңіске жетеді дегенді алға тартып отыр. Олар Теміртас Жүсіпов қарсыласынан басым түседі дегенге 1,32 коэффициент ұсынса, Махмұд Сабырхан жеңісті жорығын жалғастырады дегенге 1,39 коэффициент берген.
Бөлісу:
