Ауа райы
1 мин оқу 200

Қазақстанның 7 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК-сы Қазақстанның 7 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстанның 7 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, өңірдің солтүстігінде, солтүстік-батысында жел тұрады, екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, солтүстікте және облыс орталығында 15-20, күндіз ал солтүстігінде екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады, шаңды дауыл тұрады.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, күндіз екпіні 25 м/с болады.

Түркістан облысының тау бөктерінде және оңтүстік аудандарында 7 қарашада түнде және таңертең тұман түседі.

Шымкентте 7 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Бөлісу:
Қазақстанның 7 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды · Egemen Qazaqstan