Әлем
1 мин оқу 215

Үндістандағы ауруханада болған өрт 10 адамның өмірін қиып кетті

<p style="text-align: justify;">Үндістанда Ахмеднагар қаласындағы ауруханада сенбі күні болған өрттен кемінде 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Үндістандағы ауруханада болған өрт 10 адамның өмірін қиып кетті

Өрт аурухананың коронавирус инфекциясын жұқтырған 17 науқас ем қабылдап жатқан бөлімінде болған. Қазіргі уақытта өрт сөндірілді, оның себептері анықталуда.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт электр желісіндегі қысқа тұйықталудан шығуы мүмкін.

Махараштра штатының бас министрі Уддхав Такерей билік мұқият тергеу жүргізіп, қаза болғандардың отбасына 500 мың рупий (шамамен 6,7 мың доллар) көлемінде өтемақы төлейтінін мәлім етті.

Бөлісу:
Үндістандағы ауруханада болған өрт 10 адамның өмірін қиып кетті · Egemen Qazaqstan