Германиямен күш сынасамыз
<p class="2018-" style="margin-left: 0cm; text-align: justify;"><span style="letter-spacing: -.3pt;">Чехияның бас шаһары – Прагада тен­нис­тен 2022 жылы әйелдер арасында өтетін Билли Джин Кинг кубогы жо­лындағы жарыстың жеребесі тартылды. </span></p>

Айтулы турнирге жолдама алудың өзі оңай шаруа емес. Осы межеге жету үшін Қазақстан құрамасына да біраз тер төгуге тура келді. Іріктеу сынынан сүрінбей өткен қыздарымыз биыл сәуір айында ұйымдастырылған плей-офф сайысында Аргентина теннисшілерімен шеберлік байқасты. Аса тартысты өткен бәсекеде біздің қыздар 3:2 есебімен жеңіске жетті. Енді шешуші ойында Германиямен күш сынасамыз. Бұл кездесу келесі жылдың 15-16 сәуірінде Нұр-Сұлтанда өтеді. Егер жерлестеріміз жеңіске жетсе, онда өз тарихымызда тұңғыш рет Билли Джин Кинг кубогының финалдық бөлігінде өнер көрсету құрметіне ие боламыз.
Өзге бәсекелер мына командалар арасында өтеді: Аустралия – Словакия, Франция – Италия, АҚШ – Украина, Чехия – Ұлыбритания, Беларусь – Бельгия, Канада – Латвия, Испания – Нидерланд және Румыния – Польша.
