Швеция премьер-министрі отставкаға кету туралы өтініш берді
<p style="text-align: justify;">Швеция премьер-министрі Стефан Левен парламент спикері Андреас Нурленске отставкаға кету туралы өтініш берді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Левен үкімет басшысы лауазымына Экономика және қаржы министрі Магдалена Андерссонды ұсынды.
Бұған дейін 5 қарашада Левен «Социал-демократиялық» партияның көшбасшысы қызметінен кеткен болатын. Министр Магдалена Андерссон социал-демократтардың жаңа жетекшісі болып сайланды.
«Социал-демократиялық» партия мен «Жасылдар» партиясы құрған жаңа коалициялық үкімет осы аптада парламентте дауысқа салынады деп күтілуде.
Орталық партия Андерссонды қолдайтынын айтты.
Андерссон Швеция үкіметін басқаратын алғашқы әйел болуы мүмкін.

