Аймақтар
1 мин оқу 250

Алматыда миллионға жуық адам вакцинаның екі компонентін салдырды

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласында бір тәулікте 2578 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматыда миллионға жуық адам вакцинаның екі компонентін салдырды

«11 қараша күні 2578 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін – 1 061, II компонентін – 1517 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 11 қараша аралығында қалада 1 008 015 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 958 538 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 121 498 адамның жасы 60-тан асқан»,  деп хабарлады басқармадан.

Қалада 132 пункт жұмыс істеп тұр. 733 адамнан тұратын 205 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді»,  деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Алматыда миллионға жуық адам вакцинаның екі компонентін салдырды · Egemen Qazaqstan