Экология
1 мин оқу 511

Бүгін 2 қалада қолайсыз метеожағдай қалыптасады

<p style="text-align: justify;">Бүгін Қазақстанның көптеген қалаларында метеорологиялық жағдай қолайлы болады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, 13 қараша күні атмосфералық ауа сапасының нашарлауы тек Алматы және Шымкент қалаларында күтіледі.

Өзге шаһарларда метеожағдай норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Бүгін 2 қалада қолайсыз метеожағдай қалыптасады · Egemen Qazaqstan