Шымкентте оқушыларға вакцина салу басталды
<p style="text-align: justify;">Бүгіннен бастап шымкенттік оқушыларға коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын салу басталды. №14 емдеу орталығының мамандары мектептердегі егу бекетінде вакцинациялау жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Шымкентке Pfizer вакцинасының 46 800 дана мөлшеріндегі алғашқы партиясы жеткізілген болатын. Екпе егілетін тұрғындарға қаланың медициналық ұйымдарында, ал жасөспірімдерге білім беру ұйымдарында ата-анасының немесе оның заңды өкілдерінің ерікті келісімінен кейін жүргізіледі.
Жүкті әйелдер мен бала емізетін аналар аумақтық емханаларда вакцина салдыра алады.
Ал, мектептерде вакцинациялау жұмыстарын жүргізу үшін 140 егу бекеті ұйымдастырылған.
