Тоқаев мектептердегі өзекті мәселе туралы айтты

Біз оқушылар мен студенттерді кез келген қауіп-қатерден қорғауға міндеттіміз. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 6-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Кез келген адамның бәсекеге қабілетті болуы – оның білім деңгейіне байланысты. Сол себепті оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасау – мемлекеттің міндеті. Мектептерде, колледждер мен жоғарғы оқу орындарында қауіпсіздікті сақтау өзекті мәселе болып тұр. Біз оқушылар мен студенттерді кез келген қауіп-қатерден қорғауға міндеттіміз. Сол себепті білім беру мекемелері мен жоғарғы оқу орындарындағы қауіпсіздік жүйесіне бірыңғай талап қойылуы қажет», деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев білім мекемелеріндегі қауіпсіздік мәселесі өзекті екенін айтты.