Ауа райы
1 мин оқу 250

Алматылықтарға ескерту жасалды

<p style="text-align: justify;">Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті &laquo;Қазгидрометке&raquo; сілтеме жасап ауа райына қатысты ескерту жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматылықтарға ескерту жасалды

Осыған байланысты ТЖД көлік жүргізушілеріне мынадай қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

  • Жолға мұқият назар аударыңыз, қозғалыс кезінде телефонды пайдаланбаңыз және машинаны басқаруға кедергі келтіретін бөгде әрекеттерге алаңдамаңыз;
  • Есіңізде болсын: егер сіз көлік жүргізу кезінде кенеттен тоқтасаңыз, дөңгелектер құлыпталып, көлік құралын жүргізуге кедергі келтіреді;
  •  Жол қозғалысы ережелерін, қашықтықты сақтаңыз, кенеттен маневр жасаудан және басып озудан аулақ болып, жаяу жүргіншілерге абай болыңыз, айналаңыздағы автокөліктерді қадағалаңыз. Жаяу жүргіншілерге арналған ұсыныстар:
  • Есіңізде болсын, қар мен көктайғақ кезінде көлік жүргізуші бақылауды жоғалтуы мүмкін, нәтижесінде жаяу жүргіншілердің қағып кетуі мүмкін;
  • Көшелердегі жол қозғалысы белгіленген орындарда өту керек;
  • Абай болыңыз, жолдан өткен кезде, басқа істерге (ұялы телефонмен сөйлесу және т. б. алаңдамаңыз;
  • Әрқашан алдыңызға және аяқтың астына қараңыз;
  • Аяқ киімді дұрыс таңдауға назар аудару керек. Аяқ киім тайғанамайтын материалдан жасалған тегіс табанды болуы тиіс;
  • Мұз қатқан жолда тепе-теңдікті сақтау үшін қолыңызды қалтаңызға салмаңыз; 
  • Есіңізде болсын, тротуарлар, көлік аялдамалары, дүкендерге кіреберістегі баспалдақтар, тіпті өз үйінің кіреберісі- адамдар жиі құлап, жарақат алатын жерлер.
Бөлісу:
Алматылықтарға ескерту жасалды · Egemen Qazaqstan