Аймақтар
1 мин оқу 430
«Алматы-Ташкент-Термез» трассасы жабылды
<p style="text-align: justify;">Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына байланысты көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметіне сілтеме жасап.</p>

Атап айтқанда, бүгін сағат 16.30-дан бастап ауа райының нашарлауына, қар, боран, жолдың нашар көрінуіне байланысты «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 160-238 шақырым аралығында, яғни Кенен және Благовещенка кенттері арасындағы учаскеде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынды.
Бөлісу:
