«Астана» ФК бюджеті туралы мәлімдеді
<p style="text-align: justify;">Осыдан біршама уақыт бұрын бірқатар БАҚ-та «Астана» футбол клубының бюджеті туралы ақпарат тараған болатын. Дереккөздер клуб бюджеті аяқталған маусымда 15 миллиард теңгені құрағанын жазған. Осы ақпаратқа байланысты клуб өзінің бюджеті жайлы мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Бірнеше БАҚ-та «Астана» футбол клубының бюджеті 15 миллиард теңге» деген ақпарат тарады. Бұл мәлімет шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Команданың 2021 жылға арналған бюджеті 5 миллиард теңге көлемінде болды», дейді клуб өкілдері.
Естеріңізге сала кетейік елордалық команда аяқталған маусымда Қазақстан премьер-лигасының күміс жүлдегері атанған болатын.

