Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 270

Әлімханұлының Андраде мен Чарлоға әлі жетеді

<p style="text-align: justify;">Орта салмақ дәрежесінде сынға түсіп жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы 160 фунттағы WBC және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпиондары Джермалл Чарло, Деметриус Андрадамен қолғап түйістіруге дайын, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Әлімханұлының Андраде мен Чарлоға әлі жетеді

Delcotimes.com сайтының редакторы Джек Маккаффери Жәнібектің өз салмағындағы чемпиондармен рингке шығуға дайын екеніне бек сенімді.

«Француз Хассан Ндам Нжикаммен өтетін шайқаста Жәнібек Әлімханұлының жеңіске жететіндігіне еш күмәнім жоқ. Өткені француз боксшысының жасы келіп қалды. Ол Жәнібекке қарсылық көрсете алмайды. Жеңіске жеткен жағдайда Жәнібек бокс ұйымдары тарапынан жоғары баға алатыны анық. Алдағы уақытта Әлімханұлын Джермалл Чарло, Деметриус Андраде секілді әлем чемпиондарына қарсы шайқаста көргім келеді. Оларға Әлімханұлының әлі келеді», деді Джек өз ойын түйіндеп.

Бөлісу:
Әлімханұлының Андраде мен Чарлоға әлі жетеді · Egemen Qazaqstan