Жарнама
 
Аймақтар
1 мин оқу 171

Алматыда сауда үйінің бірінен өрт шықты

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Алматыда &laquo;Ақсай&raquo; сауда үйінен өрт шықты. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Ведомства мәліметінше, өрт бүгін түскі 13:45-те шыққан. Сауда үйінің өртеніп жатқаны туралы хабарламаны ала салысымен арнайы жасақ оқиға орнына барған.

«Өрт сөндіру бөлімшелері жоғары дәрежедегі шақырту бойынша шықты, 6 минутта жеткенде «Ақсай» сауда үйінің 1-ші және 2-ші қабаттарындағы бутиктерде 150 шаршы метр аумақта өрт шыққанын анықтады. Дереу әмбебап және лафеттік өрт оқпандары енгізіліп, газ-түтіннен қорғау қызметінің 3 тобы және түтін шығаратын автокөлік жұмылдырылды. AD 120 түтін шығаратын жану өнімдерінің концентрациясын азайту үшін пайдаланылды», деп хабарлады департаменттен.

Өрт 14:12-де толық сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

Бөлісу:
Алматыда сауда үйінің бірінен өрт шықты · Egemen Qazaqstan