Астық жинау науқаны аяқталды

Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқ­тал­ды. Ауа ра­йы­ның қолайсыздығына қара­мастан 16,4 млн тонна ас­­тық бастырылып, орташа өнімділік гектарына 10,3 центнерді құрады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, 80,8 мың тонна қарақұмық жиналған. Бұл 2020 жылғы деңгейден76 пайызға артық. Сондай-ақ қара бидай өткен жылмен салыстырғанда 43 пайызға, дәндік жүгері 22,6 пайызға, бұршақ дақылдары 1,3 пайызға артық жиналған. Тары өнімділігі өткен жылмен салыстырғанда 15 пайызға, жүгері 5 пайызға
өскен.
«Жаңа егіннің астығы жоғары сапалы көрсеткіштерге ие. Мәселен, лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына тапсырылған жұмсақ бидайдың жалпы көлемінің 90,5 пайызы 1-3 сыныптарға жатқызылған. 2020 жылы бұл көрсеткіш 81,2 пайыз-
ды құраған болатын», делінген министрлік хабарламасында.
Құрамында дәні жоғары бидай үлесінің айтарлықтай өсуі байқалады. Бұл ретте 3-сыныпты жұмсақ бидай көлемінде әлемдік нарықта сұранысқа ие жоғары сапалы HI-Pro бидайының үлесі шамамен 60 пайызды құраған.
«Өсірілген астық ішкі нарықты толық қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ экспортқа белгілі бір көлемді жөнелту үшін жеткілікті», дейді министрлік.
Сонымен қатар 3,9 млн тонна картоп, 4,9 млн тонна көкөніс дақылдары, 2,8 млн тонна бақша дақылдары жиналды.
Майлы дақылдарды жинау жалғасуда. Олардың жалпы жинау алаңының 3 млн гектары (96,6 пайызы) жиналып, 2,3 млн тоннасы бастырылған.