Аймақтар
1 мин оқу 420

Алматы облысындағы тасқын иесіз иттер орталығын шайып кетті

<p style="text-align: justify;">Алматы облысы Жамбыл ауданында Книжевское су қоймасындағы бөгеттің жарылуы салдарынан тасқын су иесіз иттер паналайтын орталықты шайып кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Аталған орталық бөгеттен небәрі 500 метр қашықтықта орналасқан. Иттер орналасқан жерге су ішінара кірген. Оның деңгейі шамамен 15-20 см құрайды.

«Жануарлар аман. Паналау орнында барлығы 150 ит болған. Су басқан кезде ТЖМ құтқарушылары мен мекеме қызметкерлері жануарларды қауіпсіз жерге көшірген. Қазіргі уақытта су деңгейі төмендеді», делінген ТЖМ таратқан хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны елді мекендерді шаймағанын, адамдар дін-аман екенін хабарлаған болатын.

Бөлісу: