Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы
<p style="text-align: justify;">Қазгидромет 23-25 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Қазақстанға Солтүстік-батыс циклон және онымен байланысты фронтальдық бөлімдер өз ықпалын жалғастырады. Елдің басым бөлігінде құбылмалы циклон сақталып жауын-шашын (көбінесе қар түрінде) өтеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қалың қар жауады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, сондай-ақ екпінді жел, солтүстік жартысында бұрқасын болжанады.
Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте ауа температурасы төмендеп 18-23 градусқа дейін аяз болады, орталықта және шығыста түнде 8 градусқа суытады. Ал оңтүстік өңірлерде ауа температурасы күндіз 9-17 жылы болады.
