Оқиға
1 мин оқу 170
Оралда тоғыз қабатты үйдегі өрттен 30 адам эвакуацияланды
<p style="text-align: justify;">Оралда тоғыз қабатты үйдегі өрттен 5 адам құтқарылып, 30 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 22 қараша күні Құрманғазы көшесі 210/1- мекенжайында болды. Сағат 13.02-де 3 және 4 қабат арасындағы электр қалқаны, сондай-ақ 3-тен 5 қабатқа дейін 9 метр электр кабелі жанды.
ТЖ департаментінің күшімен 5 адам құтқарылса, соның үшеуі – балалар. Оған қоса 30 адам шығарылды, оның төртеуі – балалар. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 13.41-де оқшауланып, 13.56-да сөндірілді.
Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде.
Бөлісу:
