Ауа райы
1 мин оқу 243

ШҚО-да жолдар жабылды

<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысында бірқатар тасжолда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда боран мен көктайғаққа байланысты өңірдегі бірқатар жолда көлік қозғалысы шектелді.

«Бүгін сағат 16.20-дан бастап республикалық маңызы бар «Өскемен-Семей» тасжолының 10-198 шақырамында (Герасимовка ауылы мен Семей қаласының аралығы), «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» тасжолының 15-105 шақырамында (Белоусовка ауылы мен Риддер аралығы), «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» тасжолының 15-123 шақырамында тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері, сондай-ақ жолаушы таситын көліктер қозғалысына шектеу енгізілді», делінген ақпаратта.

Бөлісу:
ШҚО-да жолдар жабылды · Egemen Qazaqstan