«Түрленген Тараз» республикалық байқауының үздіктері анықталды
<p style="text-align: justify;">Көне шаһардың көз тартар сұлулығын объективке сыйдырған жас шеберлер «Түрленген Тараз» республикалық байқауына «Үздік мобилограф», «Үздік дрон түсіруші», «Үздік фотограф» секілді 15 номинацияда дайындаған материалдарын жолдаған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешеніндегі облыстық тарихи-өлкетану музейінде өтті.
Жалпы байқауға қатысқан 46 адамның ішінен 15 қатысушы оза шауып, әр номинация бойынша үздік атанды. Олардың әрқайсысы күн санап көркейіп, жаңа кейіпке енген Тараз қаласының бүгінгі кескін-келбетін фото-видео материалдар арқылы барынша әсерлі көрсете білген.
Сондай-ақ байқауды ұйымдастыруға белсенді атсалысқаны үшін облыстық «ARAI» жастар газетінің фототілшісі Алтынбек Қартабай, Дулат Шиқпанбетов, Азат Байтемиров, Бақытбек Суанбеков сынды сала мамандары да марапаттан тыс қалған жоқ.
