Әлем
1 мин оқу 201

Кузбасс шахтасындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 11 адамға жетті

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Құтқарушылар Кузбасс қаласындағы шахтадан тағы бір кеншінің мәйітін анықтады. Осылайша, ондағы жарылыстан қаза болғандар саны 11 адамға жетті. Бұл туралы Кемерово облысының губернаторы Сергей Цивилевтің Telegram-дағы ресми арнасында мәлімдеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

«Жаңа ғана қаза тапқан тағы бір адам туралы белгілі болды. Мерт болғандар саны 11 адамға жетіп отыр», делінген хабарламада.

Үкіметтің ресми сайтынан хабарланғандай, шахтадан барлығы 46 адам, соның ішінде қаза болған 11 адам шыға алмаған, құтқару операциясы жалғасып жатыр.

Ауруханаларда өндірістік апаттан зардап шеккен 43 адам жатыр, олардың төртеуінің жағдайы өте ауыр, 39 адам жеңіл және орташа ауыр халде. Шұғыл қызметтердегі дереккөз мәліметінше, барлығы 46 кенші зардап шеккен.

РФ Бас прокуратурасының сайтында қадағалаушы ведомствоның шахтадағы төтенше оқиғаны бақылауға алғаны хабарланды.

Бөлісу:
Кузбасс шахтасындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 11 адамға жетті · Egemen Qazaqstan