Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Корольдігіне барды
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Корольдігіне ресми сапармен барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Мемлекет басшысы екі күндік сапары аясында Брюссельде Бельгияның және Еуропалық Одақтың басшылығымен кездесулер өткізеді деп жоспарланған. Бүгін Қазақстан Президенті Бельгия Королі Филиппен жүздесіп, Премьер-Министр Александр Де Кроомен және Еуропалық Кеңес президенті Шарль Мишельмен келіссөздер жүргізеді», делінген хабарламада.
Сонымен қатар ертең Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйенмен кездеседі, сондай-ақ еуропалық ірі компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді.

