Жарнама
 
Аймақтар
1 мин оқу 242

СҚО-да үй карантинін бұзғандарға айыппұл салынды

<p style="text-align: justify;">Солтүстік Қазақстан облысында мониторингтік топтар тексерісті көбейтіп, талапты бұзғандарға айыппұл салып жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

СҚО-да үй карантинін бұзғандарға айыппұл салынды

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта өңірде 23 мониторингтік топ бар. Олар жұма-жексенбі күндері аралығында қоғамдық тамақтану, көңіл көтеру орындарына рейд ұйымдастырып келеді. Осылайша 1 қарашадан 25 қарашаға дейінгі аралықта мониторингтік топтар 1 092 нысанды қамтыған 202 рейд жүргізді. Шектеу шараларының күшейтілгеніне қарамастан ойын-той өткізгендер анықталып, жазаланды. 26 адамға шамамен 1,5 млн теңгенің айыппұлы салынды.

«Өкінішке қарай, бұқаралық іс-шаралар, дәмхана-мейрамханаларда той өткізу фактілері апта сайын тіркеледі. Бүлінген мереке мен «рәсуа болған ақшадан» басқа, жиналған адамдарға КВИ жұқтыру қаупі жоғары екенін еске саламын», дейді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев.

Үй карантинін бұзып, «Ashyq» жобасы арқылы қоғамдық орындарға өтпек болған 126 адам анықталды. Олар жауапкершілікке тартылып, 4 млн 897 мың теңге айыппұл төледі.

Бөлісу:
СҚО-да үй карантинін бұзғандарға айыппұл салынды · Egemen Qazaqstan