Жарнама
 
Теннис
1 мин оқу 262

Анна Данилина Дубайдағы турнирдің финалына шықты

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Анна Данилина жұптық сында Дубайдағы ITF W 100 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Осы жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина мен словакиялық Виктория Кузьмова жартылай финалда таиландтық Пеангтарн Плипуек – индонезиялық Алдила Сутджиадимен күш сынасты.

Бірінші партия таиландтық-индонезиялық жұптың еншісінде кетті – 6:4. Екіншісінде Данилина мен Кузьмова есе қайырды – 6:2. Сосын супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 10:4.

Қазақстандық-словакиялық жұп финалда ресейліктер Ангелина Габуева – Анастасия Захаровамен бас жүлдені сарапқа салады. Олар жартылай финалда тартысты бәсекеде индонезиялық Беатрис Гумуля – тайбэйлік Шу-Йинь Сені ұтты – 7:6 (7:3), 4:6, 10:5.

Бөлісу:
Анна Данилина Дубайдағы турнирдің финалына шықты · Egemen Qazaqstan