Аймақтар
1 мин оқу 402

Алматыда су құбыры жарылып, топырақ көшкіні болды

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласының Медеу ауданында су құбыры жарылып, топырақ көшкіні болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Бүгін таңғы сағат 09:30-да «Көктөбе» шағынауданы Т.Бигелдинов көшесіндегі 35-үйдің жанында топырақ көшкіні орын алды. Нәтижесінде жол қозғалысында кедергі туындап, 35-үйдің металл қоршауы зақымдалды. Апат орнында қауіпсіздік бекеттері қойылып, су құбыры бітелді, зардап шеккендер жоқ, жолды тазарту жұмыстары жүргізілді», деп хабарлады департаменттен.

Оқиға орнына ТЖД 5 қызметкер, 2 бірлік техника, «Қазселденқорғау» ММ 2 қызметкер, 1 бірлік техника, аудан әкімдігінен 5 қызметкер, 2 бірлік техника, «Алматы Тазалық» ЖШС 10 қызметкер, 2 бірлік техника жұмылдырылды.

г

Бөлісу:
Алматыда су құбыры жарылып, топырақ көшкіні болды · Egemen Qazaqstan