Дэвис Кубогы: Қазақстан Канадаға қарсы матчта жеңіске жетті
<p style="text-align: justify;">Дэвис Кубогының топтық кезеңінде Қазақстан мен Канада құрамалары арасындағы матч басталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Sports.kz-ке сілтеме жасап.</p>
Қарсыласудың бастапқы кездесуінде теннис кортына Михаил Кукушкин мен Брейден Шнур шықты. Бірінші сетті 6:3 есебімен қазақстандық спортшы бағындырды. Тай-брейктегі екінші партияда Шнур сәтті өнер көрсетті — 7:6 (5). Бірақ шешуші сетті қазақстандық теннісші сәтті аяқтады. Есеп - 6:5.
Осылайша, Қазақстан Канадамен өткен тартысты ойында 1:0 есебімен жеңіске жетті. Келесі жекпе-жекте Александр Бублик пен Вашек Поспишил ойнайды.
Еске сала кетсек, Қазақстан құрамасы Мадридте өтіп жатқан Дэвис Кубогының ағымдағы ұтыс ойыны аясында Швеция командасынан басым түсті.
