Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 530

Жанқош Тұраровтың қарсыласы анықталды

<p style="text-align: justify;">Бірінші жартылай орта салмақта бақ сынап жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров екі жылдан астам уақыт үзілістен кейін шаршы алаңға оралатыны белгілі. 18 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан төрінде өтетін бокс кешінде шаршы алаңға көтерілетін қазақ оғланының қарсыласы анықталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жанқош Тұраровтың қарсыласы анықталды

Соңғы деректерге зер салсақ, Жанқош Тұраров мысырлық Абдумонем Саидпен қолғап түйістіреді. Египет боксшысы шаршы алаңға 24 мәрте шығып, оның 22-інде жеңіске жеткен, бір кездесуде жеңіліп, бір жекпе-жекте қарсыласымен тең түскен. Ал Жанқош Тұраров 24 жекпе-жегінің барлығында қарсыластарынан айласын асырған. Мысырлық боксшының 39 жаста екенін ескерсек, Жанқош бұл кездесуде жылдамдығын, бүкіл шеберлігін көрсете алады деп пайымдаймыз. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған.

Бөлісу:
Жанқош Тұраровтың қарсыласы анықталды · Egemen Qazaqstan