Әлем
1 мин оқу 383

Әскери тікұшақ апатқа ұшырады

<p style="text-align: justify;">Әзербайжанда әскери тікұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Әскери тікұшақ апатқа ұшырады

Тікұшақтың құлағанын Әзербайжанның Мемлекеттік шекара қызметі мен Бас прокуратурасы растады.

30 қараша күні жергілікті уақытпен сағат 10:40 шамасында Мемлекеттік шекара қызметінің тікұшағы «Бибиэйбат» авицаиялық полигонында оқу-жаттығуы кезінде апатқа ұшыраған. Тікұшақ экипажы мүшелерінің арасында қаза тапқандар мен жарақат алғандар бар.

Оқиға орнында Мемлекеттік шекара қызметі мен Бас прокуратураның басшылық құрамы жүр. Осы жағдайға байланысты бірлескен тергеу жүріп жатыр.

Бөлісу:
Әскери тікұшақ апатқа ұшырады · Egemen Qazaqstan