Оқиға
1 мин оқу 240

Мемлекетке 300 миллион теңге шығын келтірген кәсіпкер сотталды

<p style="text-align: justify;">Қарағанды облысында жалған шот-фактураларды жазып беру дерегі анықталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қаржы мониторингі агенттігінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті нақты жұмыс орындалмаса да жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысқан «ГорСнаб» ЖШС директорын анықтады.

«Ол басқа кәсіпорындармен жарамсыз мәмілелер жасап, жалған бухгалтерлік құжаттар ұсынған. Заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырғаны үшін ол мәміленің жалпы сомасының 3 пайыз мөлшерінде сыйақы алып отырған», деп хабарлады агенттік.

Нәтижесінде мемлекетке 300 миллион теңгеден аса шығын келтірілді. ЖШС директоры 2,6 жылға сотталды.

Бөлісу:
Мемлекетке 300 миллион теңге шығын келтірген кәсіпкер сотталды · Egemen Qazaqstan